Жезқазған +3° Сәтбаев +3° Қаражал +2° ҰБ бағамы USD 458.28▲EUR 501.45▲RUB 5.59▲CNY 68.77▲
Жаңалықтар

ЖЕЗҚАЗҒАН – ҚЫЗЫЛОРДА ЖОЛЫ ЖАҢАРТЫЛДЫ

ЖЕЗҚАЗҒАН – ҚЫЗЫЛОРДА ЖОЛЫ ЖАҢАРТЫЛДЫ

Көптің, көптен күткен қуанышы! Бүгін Жезқазған - Қызылорда бағытындағы республикалық маңызы бар жолдағы жаңғырту жұмыстары аяқталып, ондағы көлік қозғалысы толықтай ашылды.

Қыр менен Сырды жалғайтын Жезқазған-Қызылорда жолының салтанатты ашылуына облыс әкімі Есет Байкен, Премьер-Министрдің орынбасары, Көлік министрі Әсел Жанасова, Құрылтай депутаты Алмат Жөкебаев пен «ҚазАвтоЖол» компаниясының өкілдері арнайы қатысты.

Бұл жолдың жалпы ұзындығы 424 шақырымды құрайды. Оның Ұлытау облысына тиесілі бөлігі – 208 шақырым. Аталған жұмыстар Президент Жолдауындағы «Халықтық құрылыс» жылының айшықты бастамасына айналуда...

Жол азабын жүрген біледі. Кейінгі елу жылда күрек тимеген күре жолдың жаңаруы – тұрғындар үшін айрықша қуаныш!

Азия даму банкінің қаржыландыруымен жүзеге асырылған жобаны іске асыруға 4 мердігер ұйым тартылды. Құрылыс барысында 4 көпір, 78 су өткізгіш құбыры салынған. Жол жөндеу жұмыстарына 1 200 адам мен 800 бірлік техника жұмылдырылған.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты