Жезқазған +3° Сәтбаев +3° Қаражал +2° ҰБ бағамы USD 458.28▲EUR 501.45▲RUB 5.59▲CNY 68.77▲
Жаңалықтар

ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТТЕР

ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТТЕР

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіруді көздеген жүйелі жұмыстары жалғасуда. Аталған мақсатта өңірге жұмыс сапарымен келген ҚР Құрылтайының депутаты Дархан Ахмедиев, Халық кеңесінің мүшесі Аманжол Әлтай және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Эльдар Күзенбаев бастаған топ облыс орталығында бірқатар кездесу өткізді.

Жиында Мемлекет басшысы жариялаған «Халықтық құрылыс жылы» бастамасы аясында жүзеге асатын жұмыстарға басымдық берілді. Атап айтқанда, өңірлердегі инфрақұрылымды жаңарту мақсатында 70 медициналық ғимарат, сондай-ақ мәдениет, білім және спорт салаларында 50-ден астам нысан салу жоспарланған. Бұдан бөлек, білім беру саласындағы өзекті мәселелер де назардан тыс қалмады.

«Одан бөлек жаңағы медицина саласында, білім беру саласында мұғалімдер мен дәрігерлердің жұмысын оңтайландыру, цифрландыру мәселесі де көтерілген болатын жолдауда. Президенттің тапсырмасымен осы бағытта жұмыс істеп жатқан әріптестерімізге қағаздықты алып тастап, цифрлық форматқа ауыстыру тапсырмасы берілген болатын. Дәрігерлер емдеу керек, мұғалімдер сабағын беру керек. Ал қалған іс-шараларды мемлекет өзі жасау керек»

— Дархан Ахмедиев, ҚР Құрылтайының депутаты

Кездесу барысында қатысушылар өздерін толғандырған мәселелерді көтерді. Әсіресе, халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету және қала инфрақұрылымын дамытуға қатысты бірқатар ұсыныстар айтылды.

«Көптеген жақсы сұрақтар қойылды. Маңызды сұрақтар. Ол сұрақтардың бәріне жауап алдық. Мұндай кездесулер бола берсе екен дейміз»

— Серік Асқарбеков, Ұлытау облыстық ТЖД Ардагерлер кеңесінің төрағасы

Жолдауда айтылған жұмыстарды сапалы орындау мақсатында Үкімет жыл соңына дейін арнайы жоба әзірлейді. Айта кетейік, ауқымды жұмысты жүзеге асыру үшін 2029 жылдың соңына дейін Ұлттық қордан шамамен 6,5 триллион теңге бөлінбек.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты