Әлеуметтік жобаларды қолдау мәселесі талқыланды
Ulytautv 30-апр, 14:15 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ
Кездесу барысында өңір басшысы қор тарапынан көрсетіліп жатқан нақты қолдаулар үшін ризашылығын білдіріп, алдағы уақытта да өзара ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті екенін айтты. Қоғамдық қор төрайымы қолға алынған бастамалар мен болашақ жобалар туралы баяндап, қордың әлеуетіне тоқталды.
Ләззат Шыңғысбаева «Қазақстан халқына» қорының басқарма төрайымы
Ал, облыс тарапынан денсаулық сақтау, мәдениет, білім беру, спорт және әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту салалары бойынша әлеуметтік маңызы бар 11 жоба ұсынылды. Әр жоба жеке-жеке талқыланып, басқарма басшылары өз бағыттары бойынша нақты ұсыныстарын ортаға салды.Облыс әкімі бұл жобалардың өңір тұрғындары үшін аса өзекті екенін атап өтіп, «Қазақстан халқына» қорынан қолдау қажет екенін жеткізді. Сондай-ақ жауапты тұлғаларға тиісті құжаттарды әзірлеп, белгіленген тәртіппен қорға жолдауды тапсырды.Кездесу соңында қос тарап өзара әріптестікті нығайтуға және әлеуметтік маңызы бар жобаларды бірлесе жүзеге асыруға дайын екендіктерін білдірді.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ , ДУМАН ОРАЗОВ
«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ