ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ

«КИІК» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

Бөлісу:

Қазіргі таңда, киік аңының көбеюіне байланысты жойылып кету қауіпі бар жануарлар тізімінен алынып тасталғанымен де, Үкімет тарапынан киік аңын аулауға және тұтынуға рұқсат берілген жоқ. Қазақстан Республикасының аумағында киік аңдары мекен ететін Бетпақдала деп аталатын популяциясының биылғы көктемде әуе арқылы тікұшақпен және жердегі арнайы мониторинг топтары автотехникалармен қажетті мамандардың  қатысуымен жүргізілген санақ жұмыстары барысында 1 миллион 150 бас киік аңы саналды. Киік аңының өлім-жітімі бойынша  2023 жылдың статистикасы мынадай. 

Закария ТҰРАЛИЕВ Ұлытау облысы бойынша орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы

Жаңаарқа ауданының аумағында 61 дана жұптасу кезеңінен кейін табиғи жолмен өлген ақбөкендердің өлекселері жиналып мал молаларында өртеу әдісімен жойылды, оның ішінде 41 серке, 20 аналық.   Сонымен қатар, көктем мезгілінің басынан бері инспекция, охотзоопром, полиция қызметкерлерінің ветеринарлық дәрігерлердің қатысуымен, Жаңаарқа ауданының аумағында  364 дана қыс айларында өлген киік өлекселері жиналып мал молаларында өртеу әдісімен жойылды,


Ал, 2024 жылдың қысқы кезеңінен бастап қазіргі күнге дейін 212 дана киік қыс айларында өлген, жұптасу кезеңінен кейін табиғи жолмен және суға кеткен киік өлекселері жиналып мал молаларында өртеу әдісімен жойылды. Сондай-ақ 2024 жылдың басынан бері қазіргі уақытқа дейін 9 қылмыстық іс анықталған. «Талап» және «Жездіде» аңшылық қағидаларын бұзғаны үшін  2 әкімшілік іс қозғалып, шаралар қолданылған.  Жалпы, акция барысында Қазақстанның 14 облысы бақылауға алынады. Киік аңдары мекен ететін аймақтарға киік қорғау жұмыстары ұйымдастырылатын болады. 

Нұридин  ҚАСЫМОВ «Охотзоопром» ӨБ РМҚК Қызылорда өңірлік филиалы басшысының орынбасары 

Кызылорда өңірлік филиалында 54 инспектордан құрылған барлығы 8 мобильдік топ қызмет жасайды. Бұл мобильдік топтар атуға тыйым салынған киік ақбөкен аңын, ҚР Қызыл кітабына енген сирек кездесетін және құрып кетуге жақын жануарларды қорғауға арналған жұмыстарын жалпы аумағы 42,77 млн.гектар жер аумағында, оның ішінде: Қызылорда облысының 17 783 279 мың гектар, Түркістан облысының 3 576 233 мың гектар, Ұлытау облысының 21,4 млн. гектар далалық жерінде жүргізеді.

Сонымен қатар, акция аясында құзырлы құқық қорғау орган қызметкерлерімен бірлескен іс-шаралар жоспарланып, жоспар негізінде Қызылорда-Ақтөбе, Қызылорда-Жезқазған және Қызылорда-Түркістан, Жезқазған-Қызылорда бағытындағы жолдарда мобильдік топтармен арнайы құрылған бекеттер жұмыс жасайтын болады. 

ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ МЕЙІРЖАН МЕЙРАМҰЛЫ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ 

Күнтізбе

«    Декабрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты