ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ

Еңбек – ер атандырады

Бөлісу:
Бұл – Жезқазған мыс қорыту зауытындағы жылу- энергиямен жабдықтау цехы. Нұрсұлтан Саргизов алып өндіріс ошағының табалдырығын 1994 жылы аттаған. Содан бері табан аудармай 30 жыл бойы бір салада жұмыс істеп келе жатқан, ол, мамандығым мақтанышым дейді. Маңдай термен маржан терген азамат – еңбегімен сыйлы, елгезектігімен құрметті. 
 
Нұрсұлтан Саргизов, Жылу энергиямен жабдықтау цехының слесарь-сантехнигі
  • (Плавилный цехқа диз топлива жібереміз, өзге де цехтармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасаймыз.)
 
Жасыратыны жоқ, кейінгі жылдары жастар жаппай жеңіл-желпі кәсіптің жолын таңдағысы келеді. Ал, біздің кейіпкер: қандай да болсын жұмыстан қашпау керек, еңбек – ер атандырады деген ұстанымда. 
 
Айдын Жылқыбаев, Жылу энергиямен жабдықтау цехының шебері
  • Бұл жігітпен жұмыс істеп жүргеніме 10 жылдай болып қалды. Ақкөңіл, жұмысқа тиянақты, айтқызбай-ақ істейді. Бәрін бірден түсініп алып кетеді.
 
Асқан жауапкершілікпен ептілікті қажет ететін мәртебелі мамандықты оңай игеріп алған Нұрсұлтан Саргизов – ұйымшыл ұжымында бай тәжірибесін ізбасар інілерімен бөлісіп отырады. Еңбектің арқасында ер атанған азамат – бұл менің басты міндетім дейді.



 
Мұқағали Сетйқазы, Айдос Өмірбекұлы, «Ұлытау» телеарнасы

Күнтізбе

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты