Аталған жиынға облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлы мен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің басшысы Ерлан Жолдыбаев және басқарма басшылары мен сала мамандары қатысты. Өңірлік комиссияның есебі тыңдалып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстар баян етілді.
Аталған қауіптердің алдын алу мақсатында департамент тарапынан тиісті жұмыстар жүргізіліп, мемлекеттік қызметкерлер үшін дәрістер оқылған. Әр ай сайын ішкі талдау жүргізілген. Алайда, атқарылған шараларға қарамастан облыс аумағында жемқорлық фактілері орын алған. Берік Әбдіғалиұлы – тіркелген оқиғалар мемлекеттік қызметкердің имиджіне нұқсан келтіреді деді.
Сонымен қатар әлеуметтік сала бойынша құрылысы аяқталмай тұрған нысандар да тілге тиек етілді. Департамент басшылығы жемқорлықты болдырмай шараларын әрі қарай күшейте түспек.
Мұқағали Сейтқазы, Мейіржан Мейрамұлы, «Ұлытау» телеарнасы