ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ

Спорттың қос саңлағын еске алуға арналған турнир

Бөлісу:

Аталған турнирге Ұлытау облысы мен Қарағанды облысынан және көршілес Өзбекстан мен Қырғызстан мемлекеттерінен 8 команда бақ сынауда. Жезқазған қаласы әкімдігінің қолға алуымен бастауын алған жарыс қатысушыларына қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Зухраб Даумбаев сәттілік тіледі.


Виктор Жевагин мен Ярослав Качеровский тұтас ғұмырларын баскетбол ойынына арнаған тұлғалар. Осы уақыттар аралығында олар кәсіби деңгейдегі спортшылардың бірнеше буынын тәрбиелеп шығарған. Жарыстың бас төрешісінің айтуынша турнирге келген командалардың барлығы жоғары деңгейлі құрамалар...

 

 Александр Артюшихин, жарыстың бас төреші

Турнирдің іріктеу кезеңдерінің өзі тартысты өтуде. Біз командаларды екі кіші топқа бөлдік. Олар үш күн бойы іріктеу және жартылай финалдық ойындарды ойнайды. Финалдық ойын жарыстың бесінші, қортынды күнінде...

 

Диас Бектасов, Ұлытау облысының аға бапкері

Біз бұл турнирді жыл сайын өткізбек ниеттеміз! Қолдап жатқан жандарға алғыс айтамыз. Қазір баскетболға деген қызығушылық артып келеді, сол қуантады.

Айта кетейік, аталған турнирдің ақтық айқасы 22 ші қарашаға белгіленген. 

 

 Мұқағали Сейтқазы, Сергей Майкович, «Ұлытау»


Күнтізбе

«    Декабрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты