Бұл білім ордасының ашылу тарихы Қарсақбай зауытының жабылуымен тікелей байланысты. 1975 жылы зауыт жұмысын тоқатып, оның жұмыскерлері мен металлургтер Жезқазғандағы алтыншы ауданға көшірілген еді. Жаңадан қоныстанған отбасылардың балалары үшін жаңа мектеп де жасақталды. Ал академиктің атын мектеп 1990 жылдан бері абыроймен алып келеді.
Күлпаш Мұқашева Қ.Сәтбаев атындағы №7 мектеп-лицейінің директоры
Жалпы,Қ.Сәтбаев атындағы мектеп-лицейінде республикалық Қ.Сәтбаев атындағы олимпиададан жүлделі үшінші орын алған оқушыларымыз бар. Шахматтан біздің балалардың бәсі жоғары. Қалалық,облыстық түрлі олимпиадалрға қатысып тұрады.
Бір мезетте, қала мектептерінің барлық оқушылары тоғызқұмалақ,шахматтан сынға түсті. Химия,биология пәндерінен олимпиадаға қатысты. Дебат ұйымдастырылды. Жас Қаныштанушылар шығармашылық жұмыстарын қорғады.
Ұлжан ҚОПАБАЙ қалалық тоғызқұмалақ ойынының қатысушысы
Мен математика сабағынан жақсы болғаннан кейін осы ойынды үйрендім.Себебі, бұл жерде математика бірінші орында тұрады.
Қазақтың салт-дәстүрлері де көрініс тапты. Білім ордасында арнайы ашылған үйірме бар. Онда ата –әжелер немерелерімен бірге қолөнер бұйымдарын жасайды, тігін тігеді. Қазір оқу ордасында мың жарымға жуық оқушы білім алады. Мұндағы әр ұстаз Сәтбаевтың сара жолын ұрпаққа барынша ұғындыруға тырысса, әр шәкірт Қаныштай болуға тырысады.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, СЕРГЕЙ МАЙКОВИЧ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ
Пікірлер орны
Күнтізбе
« Декабрь 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Пн | Вт | Ср | Чт | Пт | Сб | Вс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 | 31 |