Үкімет басшысының кеңесшісі Ералы Тоғжанов аялдаған алғашқы нысан - Кеңгір кентіндегі құс фабрикасы. Әлеуметтік маңызға ие 19 түрлі азық-түліктің Ұлытау облысында үшеуі ғана өндірілетінін алға тартсақ, бұл фабриканың осынау салаға тигізіп отырған әсері мол. Жалпы өңір тұрғындарының жұмыртқаға деген жылдық сұранысы 20 млн дананы құраса, аталған құс фабрикасы қажетті көлемнің 50 пайызын қамтамасыз етуде. Қалғаны өзге өңірлерден тасымалданады...
Ералы Тоғжанов – мұндағы кәсіп иесіне кәсібін кеңейтудің оңтайлы жолдарын ұсынды.
Әрі қарай Ералы Тоғжанов жуырда іске қосылатын тауық етін өндіретін цехында болды. Өндіріс орнына 60 мыңға жуық құсты торға орналастыруға арналған жаңа қондырғылар сатып алынған.
Кеңесші сапары Ұлытау ауданында жалғасын тапты. Мұнда да Ералы Тоғжанов «Ауыл аманаты» жобасы аясында өз қызметін ашқан шағын және орта бизнес өкілдерімен жүздесіп, олардың жұмыстарымен танысты. Сондай кәсіп иелерінің бірі – аудан орталығында туризм саласын дамытуды көздеген Ерболат Смағұлов.
Сонымен қатар, Ұлытауда инвестициялық жобалар да сәтті жүзеге асырылған. Бүгінде аудан тұрғындарын нан және кондитер өнімдерімен қамтамасыз ететін цехты іске қосу жоспарлануда. Жоба іске қосылғанда 20-ға жуық адам тұрақты жұмыспен қамтылады.
Ералы Тоғжановтың жұмыс сапары бүгін Жаңаарқа ауданында қортындыланды. Ол жөнінде жаңалықтарымыздың ертеңгі шығарылымында айтатын боламыз .
Мұқағали Сейтқазы, Думан Оразов, «Ұлытау» телеарнасы
Пікірлер орны
Күнтізбе
« Ноябрь 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Пн | Вт | Ср | Чт | Пт | Сб | Вс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |