ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ

Үйлестіру кеңесінің отырысы

Бөлісу:

Күн тәртібіне 2 мәселе шығарылды. Алғашқысы: алимент және мемлекет пайдасына берешекетерді өндіру. Мемлекет басышысы өз жолдауында кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі мен құқықтары қорғауды қамтамасыз ету керек деген болатын. Бұл ретте облыс прокуратурасы балалардың пайдасына алимент және мемлекет пайдасына берешек өндіру барысында заңдылықтың сақталуына талдау жүргізді. 


Жасұлан ЕЛАМАНОВ Ұлытау облысының прокуроры


 Нәтижесінде сот орындаушыларының қызметінде көптеген өрескел заң бұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда борышкерлерге қатысты тыйым салу шаралары қабылданбаған.Оларды жауаптылыққа тарту мәселесі көтерілмеген.Сот орындаушылардың атқарушы құжаттары заңсыз қайтарған және қысқартқан


2023 жылы борышкерлердің 145-нен тек 22-сі  ғана алимент төлеуден жалтарғаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылған.Прокурорлармен  1 айдың ішінде 13 борышкерге қатысты Қылмыстық кодекстің 139-бабымен 7 іс полиция органдарымен тергелуде және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 669-бабымен 6 іс қозғалып, жауаптылыққа тартылды. Оның 5-уі әкімшілік қамаққа алынса, 1-не айыппұл салынды.Қабылданған шаралардың нәтижесінде бүгінгі күнге алимент бойынша атқарушылық іс жүргізудің саны 145-тен 111-ге азайып, берешек 259 млн теңгеден 167 млн теңгеге, яғни 92 млн теңгеге төмендетілді.


Айдос ӘБДІБАЕВ  қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының бастығы 

Облыс аумағында барлығы 5 мемлекеттік және 21 жеке сот орындаушылары бар. Олардың орындауында 9 мың кәмелетке толмағандарға 6мың құжат бар. Мерзімді орындауда 4276 баланың пайдасына алимент өндіру туралы 4230 құжат бар. Бұл балалардың тек 47 пайызы ғана ата аналардан тұрақты түрде материалдық көмек алатынын көрсетеді. 


Сондай-ақ мемлекет пайдасына өндіру туралы 619 млн теңгеге 3 мың құжат орындалуда.Сот орындаушылары заң талаптарына қайшы жалпы 21 млн теңгеге 362 әкімшілік айыппұлдарды және азаматтық істер бойынша жалпы 75 млн теңгеге 1 232 атқару парақтарын уәкілетті органдарға қайтарудың орнына соттарға заңсыз жолдаған.Осы заңсыз әрекеттердің салдарынан 96 млн теңге бүгінгі күнге дейін мемлекет пайдасына өндірілмеген. Анықталған заң бұзушылықтар бойынша прокурорлық қадағалау актілері енгізілуде. Күн тәртібіндегі келесі сұрақ: азамптаудың алдын алу мәселелері. Жиын барысында 2023 жылы азаптауларға жол берген және ағымдағы жылы алдын-алуға бағытталған облыстың құқық қорғау органдардың қызметіндегі заңдылықтың жай-күйі талқыланды. Облыс прокуроры қылмыстық қудалау органдары басшыларының назарына тергеудің рұқсат етілмеген тәсілдерін  қолдануға жол бермеу қажеттігіне тоқталды. Үйлестіру кеңесінің соңында кемшліктерді жою жөніндегі нақты ұсыныстар берілді.


ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, МЕЙІРЖАН МЕЙРАМҰЛЫ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ


Күнтізбе

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты