ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ

"Ақ пен қара" әлеуметтік фильмдер жобасы

Бөлісу:

Ұлытау облыстық қоғамдық даму басқармасының тікелей тапсырысы аясында шаһарымыздағы "Ернар" медиа студиясы әлеуметтік тақырыптардағы қысқа метражды фильмдер түсірген. Мұндағы негізгі мақсат: бүгінгі қоғамдағы отбасынан басталып – Отанға дейінгі аралықты қамтитын түйткілді мәселелерді шағын фильмдер арқылы көптің назарына ұсыну.  

 

Шапағат Орынбаев, «Ернар медиа» студиясының жетекшісі

-(Бұлар көркем фильм емес. Қоғамда біздің тіліміз, ойымыз қандай шала? Соны ашық көрсетуге тырыстық. Өйткені қазір халықты кітап емес, әлеуметтік желі тәрбиелеп жатыр. Сондықтан біз осының алдын алу мақсатында бәрін кино ретінде жеткіздік.)


Жобада үлкенді сыйлау, бала тәрбиесі, жат қылықтардан алыс болу, мұқтаж жандарға қолдау білдіру сияқты өзекті тақырыптар кеңінен қозғалған. Салаға жауапты мамандар көрермендердің сұранысын қамту үшін аталған бағыттағы фильмдерге әрі қарай да қолдау көрсетуге дайынбыз дейді. 

 

Дархан Мұхан, Ұлытау облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы

-(Бұл жоба былтыр қолға алынған. Жастар аудиториясын қамтып, көпшілікке түрлі ой салу бағытындағы фильмдер түсіру негізгі иедя болып табылады.)


Бұл күні көрермендерге 15-20 минуттан тұратын бірнеше фильм ұсынылды. Аталған туындылардың барлығы Жезқазған қаласында түсірілген. Бұл ретте қаланың көрікті жерлерін көпке насихаттау да көзделген.

 

Мұқағали Сейтқазы, Мейіржан Мейрамұлы, «Ұлытау» телеарансы


Күнтізбе

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты