ТЕЛЕАРНА ТУРАЛЫ
1959 жылы Жезқазған телеарнасы Жезқазған тау-кен комбинаты инженерлерінің күшімен әуесқой телестудия ретінде ашылды.
1960 жылы телестудия мемлекеттік телекомпания мәртебесін алды.
1964 жылы П-419 жобасы бойынша облыстық телеорталықтың типтік ғимараты салынды.
1973 жылы Жезқазған облысының құрылуына байланысты, телерадиокомпания Қазақ КСР Телеведение және радио хабар тарату жөніндегі мемлекеттік комитеттің құрамына кірді.
1997 жылдың тамыз айында Жезқазған облысының жабылуына байланысты, компания “Дидар” Жезқазған қалалық телерадио хабарларын тарату дирекциясы” МКК болып қайта құрылды.
2012 жылдың сәуір айынан бастап “Дидар” Жезқазған қалалық телерадио хабарларын тарату дирекциясы” МКК мемлекеттің 100% үлесі бар “Дидар” Жезқазған қалалық телерадио хабарларын тарату дирекциясы” ЖШС болып қайта құрылды.
2021 жылдың қазан айынан бастап “Дидар” Жезқазған қалалық телерадио хабарларын тарату дирекциясы” ЖШС 5 жылға сенімгерлік басқаруға берілді.
2022 жылдың желтоқсан айынан бастап "ULYTAU" облыстық телерадиокомпаниясы атанды.