Нұрлан Асанов – жалпы жұртшылыққа әлеуметтік желідегі белсенділігі арқылы Нұрлан имам деп танылған. Дін мен дәстүрді қатар дәріптейтін имам – Ислам дінінің шарттарымен бірге ұлттық құндылықтарды ұмытпаған жөн дейді. Сонда ғана жастарымыз жат ағымның жетегіне ермейтін болады деген пікірде.
Аталған кездесу Жезқазған қаласының Ішкі саясат бөлімі мен «Жылы жүрек» қайырымдылық қорының бірлесе ұйымдастыруымен қолға алынған. Нұрлан имам тарқатқан әңгімелердің негізгі өзегі бүгінгі қазақ отбасындағы тәлім тәрбие, қоғамдағы мейірім, ер адам мен әйел адамның бала тәрбиесіндегі басты міндеттері жөнінде болды.
Айта кетейік, Нұрлан Асановтың жезқазғандық жастармен жүздесуі арнамыздағы «Жұма» тележурналының алдағы аптадағы санында толығырақ тарқатылатын болады.
Мұқағали Сейтқазы, Мейіржан Мейрамұлы, «Ұлытау»
Пікірлер орны
Күнтізбе
« Декабрь 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Пн | Вт | Ср | Чт | Пт | Сб | Вс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 | 31 |