ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ

Аналар - құрмет құшағында

Бөлісу:

Салтанатты қабылдауға әлеуметтік және білім саласының ардагерлері экономика, денсаулық сақтау,мәдениет,білім саласының мамандары, көпбалалы аналар және кәсіпкер әйелдер шақырылды. Біздің қоғамымызда әйелдер отбасының береке-бірлігін нығайтумен қатар, қоғамның барлық саласында белсенді еңбек етіп келеді. 


СНХ: Аманжол МЫРЗАБЕКОВ Ұлытау ауданының әкімі 

Қай салада болса да өздеріңіздің еңбектеріңіз зор. Ауданға үлес қосып жүрсіздер. Еңбектеріңізге жеміс тілеймін. Еліміз аман болсын. Облыс,ауданымыз өркендей берсін.


СНХ:Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ Ұлытау аудандық мәслихат төрағасы

Дүниедегі ізгілік атаулы мейірімділік, сұлулық атаулы қарындастарымыздан,апалараымыздан аналараымыздан бастау алған дүние. Сондықтан сіздердін бар болғандарыңыз үшін,адамзатқа көрік бергендеріңіз үшін алғыс білдіремін. 


Сондай-ақ  жыл бойында қызметте, ауданның тыныс-тіршілігінде ерекше көзге түскен қыз-келіншектерге арнайы марапат пен бағалы сыйлықтар үйлестірді.


СНХ:Бақша АБИЛОВА еңбек ардагері 

Зейнетке шыққаным биыл міне 8 жыл. Тәуба. Бүгін осылай сый-құқрмет джасап жатқан аудан басшысы мен маслихат төрағасына рақмет айтамын. 


Дөңгелек үстел қатысушылары қоғамдағы әйлдердің рөлі тақырыбында пкір алмасты. Іс-шара соңында жергілікті өнерпаздар аналардың құрметіне әсем әндерін тарту етті.

 

ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ,СЕРГЕЙ МАЙКОВИЧ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ


Күнтізбе

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты