Ұлытау облысының аумағында 2024 жылы жануарлардың 12 аса қауіпті ауруларының алдын алу бойынша ветеринариялық іс-шаралар жоспары бекітілген. Жоспарға сәйкес жануарлар 99 пайыз вакцинамен қамтылған.
:Әбусағит ӘБДІКЕР Ұлытау облысының ветеринария басқармасының басшысы
- Тек қана анаэробтық энтеротоксемия қарсы вакцина келген. Ол вакцина республика арқылы қамтамасыз етіледі. Басқа аурулардың вакциналары толық келіп қамтамасыз етілді.
Ветеринариялық профилактикалық және эпизоотияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру үшін жануарлардың нақты есебін білу өте маңызды, яғни ауыл шаруашылығы жануарларының барлығын уақытылы бірдейлендіру қажет дейді басқарма басшысы.
Әбусағит ӘБДІКЕР Ұлытау облысының ветеринария басқармасының басшысы
Бірдейлендіру – ауыл шаруашылығы жануарларының түріне қарай, сырғалау ірі қара мал, ұсақ мал, түйелер, маралдар, шошқалар және жылқы үшін чиптеу тәсілімен жүргізіледі.Жылқы малы ақылы негіде жүргізіледі.
Сонымен қатар, жаңадан сатып алынған жануарлар, алынған төл, жануарлардың сойылғаны мен өткізілгені туралы жергілікті жердегі ветеринар маманды хабардар етіп отыруы қажет. Осы процесстерді оңтайландыру мақсатында жануарлар иелері үшін Ауыл шаруашылығы министрлігімен «Tort tulik» мобильді қосымшасы әзірленген. Басқарма басшысының айтуынша аймақта мал дәріглерінің жалақысы 50 пайызға көтерілген, көліктермен, қажетті жабдықтармен кезең-кезеңімен қамтамасыз етіліп келеді. Жалпы облыс аумағында эпизоотиялық ахуалды тұрақты сақтау, ветеринариялық іс-шараларды жүргізу ветеринария басқармасының қадағалауында.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ,СЕРГЕЙ МАЙКОВИЧ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ
Пікірлер орны
Күнтізбе
« Декабрь 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Пн | Вт | Ср | Чт | Пт | Сб | Вс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 | 31 |