ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

Бөлісу:

Жезқазғанға су мен жылу беріп тұрған маңызды насынның бірі- №11 сорғы станциясы.  Жанас Аманбеков-  сол станцияда слесарь-жөндеушілерінің бригадирі. Ол еңбек жолын 1991жылы қарапайым дәнекерлеуші болып бастаған.Кейіпкеріміз 33 жыл қызмет атқарып қазір нағыз өз ісінің шеберіне айналған жан. Жанас Аманбековтың басқрауындағы бригада күн сайын жезқазғандықтарды жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етуге жұмыс істеп келеді. 

Жанас АМАНБЕКОВ №11 сорғы станциясының слесарь-жөндеушілерінің бригадирі 

Апатты жағдайларда Жанас Аманбеков өз міндетіне асқан жауапкершілікпен қарап, мәселені тез арада шеші үшін қажетті шараларды қабылдайды. Оның айтуынша еңбекке деген сүйіспеншілік- табысты жұмыстың басты кепілі. Тағы бір ерекшелік- Жанас Жандарбекұлының отбасы да осы салада қызмет атқарады. 

Жанас АМАНБЕКОВ №11 сорғы станциясының слесарь-жөндеушілерінің бригадирі 

Жанас Жандарбекұлының тағы бір қыры- оның тәлімгерлік қабілеті. Командасындағы 20 жұмысшыға бағыт-бағдар беріп,білген түйгенін айтып, кәсіби деңгейлерін арттыруға колдау көрсетеді. Адал еңбегі еленді де. Бірнеше мәрте алғыс хаттармен, құрмет грамоталарымен марапатталған. 3 дәрежелі«Еңбек даңқы» төсбелгісін иеленген.

 

ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ ДУМАН ОРАЗОВ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ

Күнтізбе

«    Декабрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты