ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ

Ақындармен кездесу кеші

Бөлісу:

Кештің басты мақсаты мемлекеттік тіл саясатын насихаттап, ана тіліміздің қоғамдағы белсенділігін арттыру, қолдану аясын кеңейту. Тарихқа көз жүгіртсек, осынау жырға арқау болған Мысты шаһарымыздың ірге тасы 1954 жылы Кеңгір өзені жағасындағы Кеңгір ауылының орнына қаланған еді. Үш мыңнан астам ғана халқы болған шағын елді мекен бүгінгі таңда тағылым мен тарихқа толы шаһарға айналып отыр. Осы орайда,  ақындарымыз  арнайы қаламыздың 70 жылдығына жыр-шумақтарын арнады. 


Ержан КӨШЕРБАЕВ Ұлытау облыстық «Ресурстық тілдерді дамыту орталығы» КММ басшысы

Бұл облысымыздың әр өңірінен қала, аудандарына хаттар жолданып,сол өңірлердегі мәдениет, тілдерді дамыту мекемелері 2 ақыннан  бізге ұсынды. Сол ақындармен бүгін жақсы, тәлімді кездесу кеші өтті. Жалпы ақындар дегеніміз шынымен ақиқаттың  айнасы, қоғамның эталоны. Сол себепті мына тілдерді дамытуда біз осы ресурстық орталықтың ұйымдастырымен  балабақшадан бастап, үлкен оқу орындар, басқа мекемелермен іс-шараларымыз бар. 

Кешке Жаңаарқа ауданынан Гүлнұр Стамбекова, Ұлытау ауданынан Құрмет Тілеулинов, Сатпаев қаласынан Мұса Тілеуов  және Гүлнар Өтемісқызы, сондай-ақ, Жезқазған қаласынан Мұқанбетқали Сейтқазинов, Абай Ораз және Жоламан Мағзұм қатысты. Тағылымды кештің сәнін домбырашылар әспеттей түсті. Сонымен қатар, кездесу кешіне арнайы   келген ақындардың өмірбайанынан қасқаша бейнероликтер көрсетілді.

Мұқанбетқали Сейтқазинов ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ақын

Ақындар жақсылықты да, жамандықты да тілі жеткенше айтады, жырлайды. Мен анау 80-ші жылдардағы Жезқазғанды көрген адаммын.Жезқазғанның да басынан талай тағдыр өтті. Жолы тақтайдай тегіс емес әрине.Бірақ, осыдан екі жыл бұрын қашқан бақ қайтадан басымызға қонды. Облыс болдық. Бәрі өркендеп жатыр, соған тілектеспін. Жайнай берейік, жасара берейік  Енді міні биыл 2024-ті көріп отырмын. Қаламыздың мерей жасы құтты болсын, кілең осындай әдемі кездесулерде жолыға берейік. 


Гүлнар ӨТЕМІСҚЫЗЫ ақын  

Бұл жерде енді менің басты ой-түйсігім біздің өзіміздің туған жеріміздің байлығын, туған жеріміздің шығу тарихын артымыздағы ұрпақтарымыздың құлақтарына сіңдіру.  Сол Жезқазғанымыз өсе берсін, өркендей берсін. Жастарымыз аман болсын, ұрпақтарымыз аман болсын. Әрқашанда тарихты білсін. 

Осындай мазмұнды кештің өтуіне мұрындық болған Ресурстық тілдерді дамыту орталығының басшысы Ержан Көшербаев қорытынды сөз сөйлеп,  қаламгерлерге алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етті. Сондай-ақ, алдағы уақытта да мұндай жобалардың жалғасатынын жеткізді. 

АЛМА СӘЛІМЖАНҚЫЗЫ, ДУМАН ОРАЗОВ 

«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ 

Күнтізбе

«    Октябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты