Қаныш ғалым – Ұлытауға да, ұлтқа да ортақ тұлға! Тағылымда шараға жиналғандар алдымен «Рухы биік ұлы перзент» атты кітап көрмесі мен «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының минералдар көрмесін тамашалады. Мұнда атақты академиктің айшықты іздері жайында кеңінен айтылды.
Ал, Дөңгелек үстелді аудан әкімінің орынбасары Алмаз Қайырбек ашты...
Іс шара форматы еркін болды. Жиналғандар ғалымның тұғырлы ғұмыр жолына кеңінен тоқталып, көрген-білгендерін ортаға салды. Түрлі ұсыныстар айтылды.
Сәтбаевтің сүбелі еңбектерінің бірі деп - Затаевичтің “Қазақ халқының 1000 әні” жинағына жәрдемдесуін де айтуға болады. Бұл жөнінде Ғалым Мұхамедин толығырақ тарқатып, оның өнерге қосқан үлесін айтып берді. Ұйымдастырушылар мұндай шаралардың берері мол дейді...
Қаныштың қалдырған мұрасы әлі талай буынның несібесіне айналары сөзсіз. Ал, академиктің атын жаңғыртып, өнегелі өмірін келер ұрпаққа үлгі етіп насихаттау мақсатындағы шаралар әрі қарай жалғаса бермек...
⠀
Мұқағали Сейтқазы, Мейіржан Мейрамұлы, «Ұлытау» телеарнасы