ҰЛЫТАУ АУДАНЫ

Жырым сенсің, Ұлытау

Бөлісу:

Тасын түртсең тарих айтатын Ұлытаудың шежірелі даласы мен табиғи сұлулығын жырға қосқан ақындар додасына қатысуға өңірдің әр түпкірінен 20 ға жуық үміткер өтінім жіберген. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, белгілі ақын Кенжебай Ахметов төрағалық еткен қазылар шешімімен аудан орталығындағы қортынды шараға 7 ақын шақырылды. Жыр бәйгесі - аудан әкімі Аманжол Мырзабековтің құттықтауымен ашылды.  

 

Мүшайраға әр қатысушы 2 өлеңнен жіберген. Оның бірі – Ұлытауға арнау болса, екіншісі – еркін тақырыпта. Дода талабына сай жас шайырлар бүркеншік есіммен қатысты. 


Мүшәйраның бас жүлдесі мен 300 мың теңгенің сертификатын Сәтбаев қаласының тумасы, республикалық деңгейдегі додаларда топ жарып жүрген Абзал Мақаш жеңіп алды.


Өзге жүлдегерлер мен ынталандыру сыйлығы иелеріне де қаржылай сыйақы мен дипломдар табыс етілді. Айта кетейік, келер жылдың көктемінде Ұлытау ауданы әкімдігі мен «Ұлар» әдеби клубының бірлесе қолға алуымен ауданда поэзия фестивальі ұйымдастырылмақ.

Мұқағали Сейтқазы, Мейіржан Мейрамұлы, «Ұлытау»     



Күнтізбе

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты