Галия Войтекайтене – қарапайым аула сыпырушысы. Жасы – 58 ге келген оның қолынан күрегі мен сыпырғышының түспегеніне биыл тура 10 жыл екен. Балаларымды аула сыпырып жүріп жеткіздім деген біздің кейіпкер үшін – «адал еңбек – адал азамат» қағидасы қашан да бірінші кезекте!
Галия Войтекайтене, «Тәуекел» ЖШС жұмыскері
(Біз жұмысқа таңғы 9 да келеміз. Қазір қыс мезгілі болғандықтан, негізгі міндетіміз аулалардағы қарды күреу. Жеке өзім 3 үйдің есік алдының тазалағына жауаптымын. Сонымен қатар 50 подьезд бектіліген. Аптасына – 10 подезьді тазалап шығуға тырысамын.)
Бір қарағанда жеңіл көрінгенімен, аула сыпырушы болудың да өзіндік жауапкершілігі бар. Қыстың қақаған аязы мен жаздың ми қайнатар аптабына қарамастан өзіне жүктелген міндетті мүлтіксіз орындау – Галия Николаевна мен оның әріптестері үшін үйреншікті жұмысқа айналған.
Галия Войтекайтене, «Тәуекел» ЖШС жұмыскері
(Әрине, қазір мұндай жұмысқа келгісі келмейді. Бірақ, менің ойымша бұл жұмыстарды біреу істеу керек қой. Себебі, қаланың таза болуы – бәріміз үшін маңызды! Бұл біздің туған қаламыз! Осы жерде балаларымызды өсіріп, білім алып, еңбек етіп жатырмыз. Шағын шаһар болса да – өз қаламның таза, әдемі, көрікті болғанын қалаймын!)
Галия Николаевна жұмыс істейтін «Тәуекел» ЖШС – қаламыздағы Диев, Анарқұлов және Байқоңыров көшелеріндегі үйлерге қызмет көрсетеді. Аталған мекеме басшылығы – Галия сынды өз ісіне адал жандар – ұжымның мерейі дейді!
Мұқағали Сейтқазы, Думан Оразов, «Ұлытау» телеарнасы