«Әжелер салған ән қандай?!» - атты бәсі биік байқау Сыр өңірінде дәстүрлі түрде өтіп тұрады. Көктемнің шуағымен қатар келетін ерекше мереке қарсаңында - асыл әжелердің, әйел-аналардың мәртебесін арттырып, отбасылық құндылықтарды насихаттауды мақсат ететін өнер бәйгесіне біздің өңірдің өнерпаз әжелері алғаш рет қатысып, алғашқы орынды қанжығаға байлап келді.
Шүкір Молдағалиева, «Ақ әжелер» ансамблінің мүшесі
(Біздің конкурсқа деген дайындығымыз, әніміз, сахна мәдениетіміз, киіміз бәрі жоғары деңгейде болды. Біз қуаныштымыз. Конкурс өте жақсы ұйымдастырылған. Бізді жақсы күтіп алды, жақсы шығарып салды!)
«Ақ әжелер» - конкурста шырқаған әндерінде жергілікті ұлытаулық сазгерлердің туындыларына басымдық берген. Осылайша Шиелі көрермені - киелі даладан келген өнерпаздарға ерекше тәнті болған.
Қаракөз Абдушәріпова, «ХДММҮ» КММ директоры
(Республикалық конкурстан бірінші орын алу деген – өте жоғары деңгей деп санаймын! Өте керемет, біз риза болып жатырмыз. Болашақта әжелеріміз бұдан да ауқымды конкурстарға қатысады.)
Байқау қортындысы бойынша «Ақ әжелер» арнайы диплом мен қаржылай сыйақының иегері атанған. Бұл байқаудан алған бәйгеміз біздің үлкен додаларға қатысуымызға шабыт беруде дейді ақ жаулықты әжелеріміз!!!
Мұқағали Сейтқазы, Сергей Майкович, «Ұлытау» телеарнасы