11 мыңға жуық халқы бар Жәйрем кентінде қар тазалау жұмыстары қарқынды. Қар тазалығына 8 арнайы техника мен 10 адам жұмылдырылған. Кент көшелерін ақ ұлпадан аршу, жаяу жүргіншілердің жолағын тазалауға «Жалғас»ЖШС жауап береді.
Жандос Бейсенбеков «Жалғас»ЖШС басшысы
-Агронесиелік корпорация арқылы тағы 4 текхника алдық. Биыл қар көп жаууына байланысты 200кубтай қар сыртқа шығарылды. Техникалар жаңа болғандықтан жұмысты уақытында үлгеріп істеп жатырмыз.
Жандос Бейсенбеков жұмыстың басы қасында өзі жүріп, арнайы техниканы өзі басқарады. Бәрін бақылауда ұстау қажет. Ең бастысы көлік қиылыстарына аса мән береміз дейді,-ол.
Жандос Бейсенбеков «Жалғас»ЖШС басшысы
Машина көп жерлерді жақсылап қадағалап отырамыз. Жұмысымыздың уақыты белгіленбеген. Табиғат құбылысна байланысты түңгі 12,1 болсын жұмысқа шығып кетеміз. Өйткені балаларын мектепке бала-бақшаға апара алмай қалады.
Тұрғындар негізі үйлердің айналысындағы қарды өздері шығаруы тиіс. Алайда, «Жалғас»ЖШС басшысы ауыл халқының қазақы болмысын сақтап, қол ұшын созудан аянып қалмақ емес. Бояуы қашпаған боямасыз болмысқа ие қазақты көргіңіз келсе ауылға бар деген осы болар.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, ДУМАН ОРАЗОВ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ