«Таза Қазақстан» республикалық акциясы жалғасуда

Ұлытау ТВ жаңалықтары

Аймақ басшысы Дастан Рыспеков бастаған топ Ғарышкерлер бақ жолына шырша ағаштары отырғызды. Аталған ағаш түрі - өңір климатына бейімделген әрі төзімді деп таңдалып алынған. Жезқазғанда өткен тазалық шарасына 100 ге жуық еңбек ұжымы қатысты.

 

Шаһарымыздың барлық көшелерін қамтыған сенбілікке мемлекеттік мекемелер мен жеке ұйымдардың қызметкерлерімен қатар -  қала тұрғындары да белсенділік танытты.

 

Айта кетейік, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған іс шараға облыс бойынша 8000 нан аса адам мен 135 техника жұмылдырылған. Нәтижесінде 474 тонна қоқыс қалдықтары сыртқа шығарылған.


 Мұқағали Сейтқазы, Думан Оразов

«ҰЛЫТАУ» телеарнасы



Пікірлер (0)

пікір қосу

Бейне-репортаждар

показать еще