СӘТБАЕВ ТҰРҒЫНЫ ШЕТ ЕЛДЕРДЕГІ ҚАРУЛЫ ҚАҚТЫҒЫСТАРҒА ҚАТЫСҚАНЫ ҮШІН СОТТАЛДЫ
Ulytautv 04-апр, 13:24 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 172-бабына сәйкес, шет мемлекеттердің аумағындағы қарулы қақтығыстарға қатысу ауыр қылмыс болып табылады. Прокуратураның хабарлауынша, 2022 жылы Сәтбаев қаласының тұрғыны Ресей Федерациясының аумағына барып, Ресей жағында Украинаға қарсы қарулы қақтығысқа қатысқан. Сот үкімі бойынша ол кінәлі деп танылып, бас бостандығынан айырылды. Облыстық прокуратура азаматтарды Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарына құрметпен қарауға шақырады.
Наймантай НҰРМАН Ұлытау облысы прокуратурасының 2-ші басқарма аға прокуроры
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, өткен жылдың басынан бері республика бойынша шет мемлекеттер арасындағы қарулы қақтығысқа қатысқаны үшін 5 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 1 адам біздің облысымыздың тұрғыны.Сот үкімімен ол 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.Прокуратура ескертеді, заңды білмеуі сізді жауапкершіліктен босатпайды. Ал қасақана қылмыс жасау көзделген жазаны сөзсіз ауырлатады.Құрметті азаматтар, Конституция бізге құқықтарымыздан бөлек міндеттер жүктейді. Біз мұны ұмытпауымыз керек. Яғни, әркім еліміздің Конституциясы мен заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті.Біз заң үстемдігі мен тәртіпті сақтауға, қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алуға шақырамыз.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, ДУМАН ОРАЗОВ
«ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ