Жезқазған +3° Сәтбаев +3° Қаражал +1° ҰБ бағамы USD 455.12▲EUR 498.99▲RUB 5.55▼CNY 68.29▲
Жаңалықтар

ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРҒА ЖАҢА МҮМКІНДІК

ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРҒА   ЖАҢА МҮМКІНДІК

Облыс орталығында мүгедектігі бар балаларды үй жағдайында оңалту жобасы қолға алынды. Бастама – ерекше балалардың қозғалыс дағдыларын дамытуға және оңалту қызметтерінің қолжетімділігін арттыруға бағытталған. Жоба аясында әр баланың қажеттілігіне қарай арнайы техникалық құралдар тегін пайдалануға беріледі. Сондай-ақ, ата-аналарға оларды қолдану тәртібі үйретіледі. Бұған дейін пилоттық жоба Қазақстанның бірнеше өңірінде жүзеге асырылған. 2026 жылғы 1 қарашадағы мәлімет бойынша, оған 691 бала қатысып, 553 оң өзгеріс тіркелген. Жобаға алғашқы кезеңде үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер алатын балалар қамтылады.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты