Жезқазған +3° Сәтбаев +3° Қаражал +1° ҰБ бағамы USD 455.12▲EUR 498.99▲RUB 5.55▼CNY 68.29▲
Жаңалықтар

ӨКПЕ ОБЫРЫН ЕРТЕ АНЫҚТАУ ЖОБАСЫ ҚОЛҒА АЛЫНДЫ

ӨКПЕ ОБЫРЫН ЕРТЕ АНЫҚТАУ ЖОБАСЫ ҚОЛҒА АЛЫНДЫ

Ұлытау облысында өкпе обырын ерте анықтауға бағытталған пилоттық жоба жүзеге асырылуда. Осыған орай Жезқазғанда ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп, медицина мамандары жаңа жобаны іске асыру тетіктерін талқылады.

бастаманың мақсаты - ауруды бастапқы кезеңде анықтау мүмкіндігін кеңейтіп, скринингтік тексерулердің тиімділігін арттыру. Аталған бағыттағы ғылыми-тәжірибелік конференцияға денсаулық сақтау саласының өкілдері, онколог дәрігерлер мен медициналық ұйым мамандары қатысты. Конференция барысында өкпе обырын ерте диагностикалау, төмен дозалы компьютерлік томография әдісін енгізу және пациенттерді скринингтік тексеруден өткізу мәселелері сөз болды.

Бұл іс-шара біздің өңіріміз үшін, Ұлытау облысы үшін өте маңызды. Неліктен, өйткені біздің өңірімізүшін өкпе обыры өлім-жітім жағынан ең бірінші орында. Осы іс-шараны өткізу арқылы біз халыққа, жалпы қоғамдық белсенді ұйымдарға жалпы өкпе обыры туралы толық ақпарат бергіміз келеді.

Жобаны жүзеге асыруда алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына ерекше жауапкершілік жүктелген. Медицина мамандары тексеруден өтуі қажет тұрғындарды анықтап, оларды қажетті зерттеулерге жібереді. Ал қосымша тексеруді қажет ететін азаматтар облыстық көпбейінді аурухананың онколог дәрігерлеріне жолданады.

Конференцияда өкпе ауруларын диагностикалаудың заманауи тәсілдері де кеңінен қаралды. Атап айтқанда, төмен дозалы компьютерлік томографияның мүмкіндіктері, клиникалық алгоритмдерді сақтау маңызы түсіндірілді. Кездесу соңында қатысушылар жобаны тиімді іске асыруға қатысты ұсыныстарын ортаға салды.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты