МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ЖАҢА ТАЛАПТАР ТҮСІНДІРІЛДІ

Мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіру, заңнамадағы өзгерістерді түсіндіру және кадрлық жұмыстың тиімділігін арттыру. Осы мақсатта облыс орталығында мемлекеттік органдардың персоналды басқару және заң қызметтері мамандарының қатысуымен кездесу өтті.
Басқосуды ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті ұйымдастырды. Департамент басшысы Ерлан Ермаханбетов мемлекеттік қызметте адалдық пен парасаттылық қағидаттарын нығайту, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстарының маңызын атап өтті. Сонымен қатар мемлекеттік органдардағы бос лауазымдарға конкурстарды уақытылы жариялау және кадрлық жұмысты заң талаптарына сәйкес жүргізу мәселелері талқыланды.
«3680 / Бүгінде мемлекеттік қызмет жүйесінде маңызды реформалар жүзеге асырылуда. Осы өзгерістерді тиімді іске асыруда персоналды басқару және заң қызметтерінің жауапкершілігі ерекше.Біздің басты мақсатымыз-мемлекеттік қызметте адалдық, заңдылық және кәсібилік қағидаттарын нығайту»
— Айдын Нығметоллаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары
Кездесуде мемлекеттік қызметке іріктеу тетіктері мен мемлекеттік қызметшілерге жасалатын жағдайлар да назардан тыс қалмады. Қатысушыларға әлеуметтік кепілдіктерді күшейту, жалақыны индекстеу және мансаптық өсу мүмкіндіктерін кеңейтуге қатысты жаңашылдықтар таныстырылды.
Жиынның жалғасы ретінде мемлекеттік қызметшілер арасында «АНТИПАРАҚВЕСТ» интеллектуалдық ойыны ұйымдастырылды. Кадр және заң қызметтері мамандарынан құралған командалар үш кезең бойынша бақ сынады. Қатысушылар құқықтық терминдерге қатысты сұрақтарға жауап беріп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама негізінде әзірленген жағдаяттық тапсырмаларды шешті. Сайыс қорытындысында үздік командалар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


