«ҚЫС 2026» ОҚУ ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ

«Қыс -2026.» Өңірде – төтеншеліктердің қыс мезгіліне дайындығын саралаған командалық-штабтық оқу-жаттығу жиыны өткізілді. Бұл жолғы облыстық шара – Ұлытау ауданында ұйымдастырылды...
Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі іс қимылдарды жетілдіру мақсатындағы жиынға облыс әкімінің орынбасары Болат Жұмабеков, облыстық ТЖД бастығы Есен Байыров пен Ұлытау ауданының әкімі Аманжол Мырзабеков арнайы қатысты. Оқу-жаттығу барысында оқыс оқиғадан зардап шеккендерді эвакуациялау, жоғалған адамды іздестіру, медициналық және психологиялық көмек көрсету бойынша бірқатар профилкатикалық іс шара пысықталды.
Айта кетейік, оқу жаттығуға облыс бойынша 80 адам және 29 бірлік техника жұмылдырылды. Төтенше жағдайлар департаментімен бірге полиция қызметкерлері, «Жедел жәрдем» дәрігерлері мен коммуналдық сала мамандары да кәсібилік пен шеберліктерін сынға түсірді. Жаттығу жиыны арқылы жеке құрамның дайындық деңгейі толықтай сараланды.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


