ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ

Әскерге шақыру науқаны басталды

Бөлісу:

Ерен МЕЙРЕМБЕКОВ Ұлытау облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы 


Берілген тапсырма бойынша Ұлытау облысынан 350-ге жуық әскерге шақырушылар шақырылады. Әскерге шақыру жылына 2 рет көктемде және күзде жүргізіледі. 


Алдымен 18 бен 27 жас аралығындағы облыс азаматтарын медициналық сараптамадан өткізді.Жіті бағалады,арнайы құрылған комиссия мүшелері жарамдысын Отан алдындағы борышын өтеуге жөнелтті. 


Ақылбек АМАНОВ Ұлытау облыстық шақыру комиссиясының мүшесі 


Әр баланың өмірбаянымен таныстық. Әр бала өзінің шын жүрегімен келіп осы елімді, жерімді қорғаймын деген азаматтар екенін көрдік. 


:Жасыратыны жоқ, соңғы кезде әскерге барам дейтін батыл жүректі азаматтар сиреп бара жатыр. Ал,Нұрболат керісінше әскерге бару бала күнгі арманы еді дейді. 


Нұрболат СӘУЛЕТ әскерге шақырылушы 


Бала кезімнен бергі армандаған әскери борышымды бүгін өтеу бұыйырыпты. Және де мен өз борышымды ҚР ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара бөлімінде ақарамын. Барша Ұлытау облысының жастарын әскери борышын өтеуге шақырамыз. 


Келеңсіз жағдайлар мен жантүршігерлік оқиғаларды жиі көріп жүрген ата-ана да ұлын әскерге жібергісі келмей қалып жатады. Сол себепті департамент қызметкерлері мен комиссия мүшелері әскерге шақырушылардың ата-аналарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бейбіт күннің берекесін арттыратын да осы отан қорғаушылар екендігін алға тартсақ, әскери қызмет ең алдымен тыныш күннің кепілі десек те болады.

 

ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ;ДУМАН ОРАЗОВ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ 


Күнтізбе

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты