Рамазан Қолдасов – ЖОО Алматы қаласында тәмәмдаған. Оқу орнын үздік аяқтаған, ол, наурыз айынан бастап Кеңгір селолық әкімдігіне жетекші маман болып жұмысқа орналасқан. «Мемлекеттік қызмет туралы» заңдағы өзгерістер шеңберінде жауапты қызметке тағайындалған Рамазан –осылайша еңбекжолын ауылдан бастауда.
Жаңадан құрылған облыста – кадр жетіспеушілігі маңызды мәселелердің бірі. Ауыл әкімдігі қатарымызға жас маманның қосылып жатқандығы ауылға жастарды тарту жобасына да оң серпінін береді дейді.
Рамазан – аталған заңдағы өзгерістің шапағаты арқылы жұмысқа тұрған өңірдегі әзірге алғашқы жас. Салаға жауапты департмент өкілдері бұл бағыттағы ауқымды жұмыстарды жалғастыра бермек.
Мұқағали Сейтқазы, Мейіржан Мейрамұлы, «Ұлытау» телеарнасы