Жұлдыз Рахымбекова - Сәтбаев қаласындағы «MamaRada» балалардың зияткерлік даму академиясы жобасының авторы және осынау орталықтың жетекшісі. Астана қаласындағы байқауға Жұлдыз «Инклюзивті даму саласындағы үздік жоба» бағыты бойынша қатысып, топ жарған.
Жұлдыздың орталығында бүгінгі таңда үш ауысымда 60 қа жуық бала оқиды. 8 маманды жұмыспен қамтуда. Республикалық додада үздіктер қатарынан көрінген, ол, жоба ауқымын кеңейтуді мақсат етуде.
Жұлдыз марапаттты - ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасы Аида Балаевның қолынан алған. Айта кетейік, 260 жобаның ішінен жеңімпаз атанған орталық 2019 жылы ашылған.
Мұқағали Сейтқазы, Мейіржан Мейрамұлы, «Ұлытау» телеарнасы