ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ

Ұстаздар ұлықталды

Бөлісу:

Тиышкүл Әбжанова - Қарағанды педогогикалық институтының түлегі. Тұтас ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған ұлағатты ұстаз еңбек жолын 1966 жылы  №13 мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беріп бастаған. Аталған оқу ордасында табан аудармай 30 жылдан астам уақыт еңбек етеді. 


Тиышкүл Әбжанова ардагер ұстаз


-өте өте ризамын. Өзімнің өміріме де, жұмысыма да. Мені құрметтеген жандарға алғыс білдіремін. Қуаныштымын. Қазір жасым 82-ге келді. 


Одан әрі білім бөлімінің басшысы бастаған топ –Теректі орта мектебінен зейнетке шыққан мәртебелі мұғалім – Ғания Жандетованың шаңырағында болды.30жылдан астам орыс тілі және әдеибеті пәнінен сабақ берген ұстаз білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін төсбелгісімен марапатталды. 


Ғания Жандетова ардагер ұстаз 


-Енді осындай үлкен дәрежеге жетіп жатқан өзімнің атамның арқасы деп ойлаймын. Айналайын Теректіде орын жоқ, мұғалім бол деп жол сілтеген сол кісі еді.  Енді міне балаларым да мұғалім. 


Ұтсаздар династиясы көрсетілген құрметке алғыстарын білдірді. Ардагер ұстаздың қызы да №13 жббм қазақ тілі және әдебиті пәнінен сабақ береді. 


Ажар Бейсенбаева Ғ. Жандетованың қызы, №13ЖББМ мұғалімі  


Мен де сол ұстаздар династиясының жалғасымын. Өзім де сондай шәкірт тәрбиелеу жолында еңбегімід елеп жатқанына құуаныштымын. Ол менің анамның,апамның,атамның еңбегі деп білемін.   


Жалпы Білім бөлімі мен кәсіподақ ұйымы дәл соындай 38 зейнеткер ұстазға сый-сыяпат жасады. Мамандық көп. Бірақ мамандықтың түрлі болғаны маңызды емес, қанша мамандық болса да сізді маман қылатын тағы да ұстаз. Өзінің уақытын аямай, өзгенің уақытын аялай білетін қасиетті мамандық иелері – қандай да болсын құрметке лайық! 


ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ,ДУМАН ОРАЗОВ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ


Күнтізбе

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты