Күннің күрт жылынуы – су тасқыны қаупі мен көшеішілік жолдарды су шаю жағдайына ықпалын тигізуде. Өзге қала-аудандарды айтпағанда, облыс орталығының өзінде бірнеше ауланы су басу факторлары орын алған. Алайда, аталған мәселелер төтеншеліктердің тікелей қадағалауында..
Сонымен қатар, 10 шы наурыз күні Республикалық маңызы бар Қызылорда-Жезқазған» трассасының Жезқазған қаласынан 180 шақырым қашықтықта, гридердінң жол жабыны жұмсарып, жолда қалған 75 құтқарылған. Онда 350 ге жуық жолаушы болған, оның 22 сі бала. Облыс әкімі – қала-аудан басшылары мен салаға жауапты басқарма өкілдеріне тосын жағдайларға қажетті техникаларды дайындап отыруды тапсырды.
Айта кетейік, көктемгі су тасқынының алдын алу бойынша облыста арнайы штаб құрылған. Оған облыс әкімінің орынбасары Ұлантай Үсенов жетекшілік етеді.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе - Ұлытау облысының Агроөнеркәсіп кешенін дамыту жоспарлары туралы. Бұл жөнінде облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Қайрат Мутаев айтып берді. Ұлытау облысының 2023 жылғы Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі – 114,5 млрд. Теңгені құраған, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 21 пайызға артық. Басқарма басшысы ауа-райының қолайсыздығынан қырылған мал есебіне де тотқталып өтті. 4 наурыздағы жағдай бойынша бейресми мәліметтерге сәйкес 64 бас жылқы өлген. Оның 20 сы Ұлытау ауданынан, 44 і Жаңаарқа ауданына.
Ауылшаруашылығы саласы бойынша мемлекет тарапынан жасалатын қолдау бағдарламалары әрі қарай да жалғасын таппақ. Аппараттық кеңесте айтылған сұрақтар бойынша тиісті басқармаларға тапсырмалар жүктелді. Көтерілген мәселер Берік Әбдіғалиұлының тікелей бақылауында болмақ.
Мұқағали Сейтқазы, Сергей Майкович, «Ұлытау» телеарнасы