ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ

"Ұлы дала ханшайымы - 2024"

Бөлісу:

«Ұлы Дала Ханшайымы» - жобасы елімізде тұңғыш рет қолға алынуда. Бұл байқауда негізгі басымдық – ұлттық салт дәстүр мен ұлттық құндылықтарға берілген. Республикамыздың әр түкпірінен жиналған 16 сұлу – өз өнерлеріне ортаға салып үздіктердің үзлігін анықтады. Байқау тізгінін танымал кино актері Нұрлан Әлімжан мен «Қазақ ханымы» Халықаралық әйелдер байқауының жеңімпазы Индира Ерлан және Евразия арнасынының тележүргізушісі Асаубек Айымбетов ұстады.

 

Асаубек Айымбетов, «Ұлы Дала Ханшайымы» байқауының жүргізушісі


-(Мен сонау Астанадан келіп, осы кештің тізгінін ұстап барымды салдым. Жаңару жолындағы Жезқазғанның жұртына ұнады деген үміттемін. Қазақтың қыздарының бәрі әдемі ғой. Ең бастысы ақыл мен қайрат екі жақтап, үнемі жолдарын ақ қылсын.)


Иә, тектіліктен тамыр алған тал бойына талай өнерді сыйдыра білген, қылығы қырық атқа жүк боларлық арулардың арасынан Ұлы Дала ханшайымын анықтау оңай болмады. Қазылар алқасының шешімімен Бас жүлдемен «Ұлы Дала Ханшайымы» тәжін Сәтбаев қаласының атынан қатысқан Ару Жәудір жеңіп алды. Сонымен қатар, бас жүлде иегеріне Дубайға саяхат пен Тайландта өтетін сұлулық сайысына жолдама табыс етілді.


Байқаудың алдын ала белгіленген талаптарына сай қатысушылар барын салды. Жоба ұйымдастырушылары аталған бағыттағы байқаулардың бүгінгідей жаһандану заманында берері мол дейді.

                      

Мұқағали Сейтқазы, Айдос ӨМірбекұлы, Ұлытау телеарнасы


Күнтізбе

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты