Погондағы аруларды айтқанда жайлы жұмыс, жылы кабинетте жайғасқан қыз-келіншек көз алдымызға келуі мүмкін. Десе де, полициядағы қыздардың осалы жоқ. Ерлермен қатар жұмыс істеп, қарудан оқ атады. Автоматты шашып жинау олар үшін күнделікті әдетке айналған.
Қайыркен Әлиев Ұлытау облысы ПД бастығы
Бүгінгі таңда Ұлытау облысы ПД-де қоғамдық тәртіпті қорғауда ер азаматтармен бірге иық тірестіре қызмет атқарып жүрген аруларымыз да аз емес. Полиция саласында мықты қызмет етіп келе жатыр.
Отбасының ұйытқысы болып қана қоймай, Отанының тыныштығын күзеткен,бүгінде бейнетінің зейнетін көріп отырған аналар да қошемтке бөленді. Сондай-ақ кеште шенді аруларға ҚР ішкі істер министрлігінің «құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін»медалі, «ішкі істер органдарының үздігі»және Қазақстан полициясына 30 жыл төсебелгілері тапсырылды.
Ауыр саланың темірдей тәртібіне көніп, қызмет пен отбасын қатар алып жүрген қаракөздер қаншама. Ұлытау облысы ПД ақпараттандыру және байланыс басқармасының бастығы Ғалия Әбілдина. Бала күнгі арманы орындалып, ішкі істер саласында қызмет еткеніне биыл 30 жыл.Еңбегін қатардағы полициядан бастаған Ғалия Әбілдина қазір полиция полковнигі. Бүгін міне 2 бала тәрибелеп отырған ана жұмысының жемісін көріп отыр.
Ғалия Әбілдина Ұлытау облысы ПД ақпараттандыру және байланыс басқармасының бастығы
Бүгінгі күнде 8 наурыз мерекесіне орай еңбегіп еленіп,министрдің құрмет грамотасына ие болып отырмын.Әйелдер күнімен барша нәзік жандыларды құттықтаймын. Полиция қатарындағы қыз келіәншектерге шыдамдылық қайсарлық тілеймін.
Ал, полиция ардагері Гүлшарат Алиманова Ұлытау облыстық ПД қаржымен қамтамасыз ету басқармасының бас маманы болып қызмет атқарады. Зейнетке шықса еңбегімді сүеймін, сол үшін әлі де еліме қызмет етемін дейді.
Гүлшарат Алиманова Ұлытау облыстық ПД қаржымен қамтамасыз ету басқармасының бас маманы
Бүгін ПД басшы құрамы еңбегімізді елеп 30жылдық мерейтойлық төсбелігмен мараттап жатыр. Рақмет айтамын. Біздің аруларға тек жақсылық тілеймін.Нәзік жандарына қарамай ер адамдармен қатар еңбек атқарып келе жатыр.
Ұлытау облысы ПД ішкі істер органдарының оң имиджін қалыптастыру үшін айтулы мереке аясында ару жандар арасында байқау ұйымдастырды. Байқау 4 кезеңнен тұрды.
Мадина Елтаева Жезқазған қалалық ПБ ӘПБ аға инспекторы
Осы сайысқа өзімді басқа қырымнан көрсетуге келдім. Мықты жағымнан емес, нәзік жан екенімді,өнерімді де көрсетуге келдім. Сайыс жақсы деңгейде өтіп жатыр.
Айжан БАУЫРЖАН Сәтбаев қалалық ПБ тәрбие және кадр тобының инспектор-психологы
Осы жылы бірінші рет өмірімде осындай полиция ару сынды байқауға қатысып отырмын. Байқау қызық әсерлі. Өзім жаңа қырымнан ашып көрсетіп жатырмын.
4 кезеңде де сыннан сынбай өткен Жезқазған қаласы ПД жедел басқару орталығының испекторы Каниза Дайыр «полиция аруы-2024» атанды. Иә,үйде ұл-қыз өсіріп отырған аналар түзде ел тыныштығын күзеткен қырағы қызмтекерлер. Перзенттерінің жарқын келешегінің кепілі – елдің тұтастығы, тыныштығы деп біледі. Сондықтан азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді қасиетті борыш санайды.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ,ДУМАН ОРАЗОВ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ