ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ

Мерекелік марапат

Бөлісу:

Бүгінде ел эко­номикасындағы әйел адам­дардың үлесі – 50 пайыз. Қоғамдағы кез-келген мамандықтың басы-қасынан нәзік жандыларды кездестіру қиын емес. Яғни, шағын жә­не орта бизнесті алға же­телеп жүргендер­ден бөлек мемлекеттік қызметтегілердің тең жартысы қыз-келіншектер. 


СНХ:Аманжол МЫРЗАБЕКОВ Ұлытау ауданының әкімі 

Бүгінгі күні мемлекеттік қызметтте 44 біздің азаматшалар қызмет атқарады. Оның 4еуі мекеме басшылары. Аудандық мәслихатта 10 депутат болса 4-еуі әйел азаматшалар. Жалпы қымбатты арулар мерекелеріңізбен құттықтаймын.


Мейірімділік пен сұлулықтың, даналықтың және рухани қуаттылықтың салтанат құрған күні аяулы аналар мен қыз-келіншектер ерекше құрметке бөленді. Бүгінгі күні аудан бойынша 665 көпбалалы ана бар.  Салтанатты жиында көпбалалы ана Динара Сұлтанова «Күміс алқа» медалімен марапатталды.  Сондай-ақ түрлі салада белсенділігімен, адал еңбегімен көзге түскен қыз-келіншектер  Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлының алғыс хатымен , аудан әкімінің құрмет грамоталарына ие болды. 


Сондай-ақ, аудан басшысы Қазақстанның Іскер әйелдері қауымдастығының қоғамды дамытуға қосқан үлесі үшін төсбелгісін 2 кәсіпкер анаға тапсырды. Мемлекеттің, жергілікті басшылардың нәзік жандылаға жасалып жатқан қамқорлығы алдағы уақытта да жалғаса бермек.


ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ,СЕРГЕЙ МАЙКОВИЧ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ


Күнтізбе

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты