«Әлемнің мәні – әйелде!» Осындай атаумен өткен облыс әкімінің салтанатты қабылдауына өңірде әр салада жетістікке жетіп жүрген қыз-келіншектер мен өндірістегі арулар, мемлекеттік қызметтің ардагерлері, ақ жаулықты әжелер мен батыр аналардан құралған 30 нәзік жанды арнайы шақырылған. Берік Әбдіғалиұлы көктемнің алғашқы шуағымен жеткен ерекше мерекемен құттықтап, олардың отызына да гүл шоқтары мен 150 мың теңгенің сертификатын тапсырды...
Берік Әбдіғалиұлы, Ұлытау облысының әкімі
(Құрметті нәзік жандылар, аналар, арулар! Келіп жеткен мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Өздеріңіз білесіздер, облыс құрылғалы осынау мейрамда өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген әйелдер қауымына сый құрмет көрсетеміз. Барлық нәзік жандыларды мерекемен құттықтаймыз!)
Ұлытау облысы халқының 51 пайызы әйелдер қауымынан. Сонымен қатар, біздің өңірдегі нәзік жандылардың орташа өмір сүру ұзақтығы 75 жасты құрайды. Бұл - республикадағы жоғары көрсеткіш екен.
Рақыш Ыдырысова, «Ұлытау қыздары» ҚБ төрайымы
(Бүгінгі күні – қалай жадырап жайнап отырсыздар, әр күні осылай жүріңіздер! Марапаттарыңыз да құтты болсын. Марапаттан марапатқа жете беріңіздер, барлығы үшір мың алғыс!)
Дастархан басындағы емен-жарқын жүздесудің форматы еркін болды. Әуелете ән шырқалды, жарасымды әзіл-қалжың да айтылды. Көрсетілген құрметке жиналғандар дән риза екендіктерін жеткізді.
Ұлтай Ахметова, Жезқазған қаласының құрметті азаматы
(8 наурыз мерекемен баршаңызды құттықтаймын. Жаңа Қазақстанды бірге құрайық, тіршілікте бірге сыйластықта болайық.)
Әкімдіктегі әдемі жиыннан кейін әйелдер қауымы облыс әкімімен бірге ХДМҮ мерекелік концертке бет алды...
Т.Қалмағанбетов атындағы филормонияның ұлт аспаптар оркестрі ашқан концертте алғашқы сөзді өңір басшысы Берік Әбдіғалиұлы алып, ұлытаулық бірнеше нәзік жандыға Президенттің құттықтау хатын табыс етті.
Берік Әбдіғалиұлы, Ұлытау облысының әкімі
(Әлемнің бар мейірімі, тіршіліктің қайнар көзі, адамгершіліктің бастауы – әйел затының аялы алақанында. Отанға деген сүйіспешілік те біздің бойымызға ана сүтімен дарыған. Ел дамуына қосып отырған үлестеріңіз де орасан!)
Әрі қарай мерекелік құттықтау легін облыстық мәслихат төрағасы Бауыржан Шыңғысов жалғап, түрлі бағытта табыста жетіп жүрген жандарға сый құрмет көрсетті.
Бауыржан Шыңғысова, Ұлытау облыстық мәслихатының төрағасы
(Аяулы аналар, ақ жаулықты әжелер, қыздарымыз, қарындастарымыз – сіздерді келе жатқан мейрамдарыңызбен шын жүректен құттықтаймын!)
Айта кетейік, Нәзік жандылардың біздің облысымыздың басқару жүйесіндегі белсенділіктері жоғары. Облыстық мәслихатта 8 әйел депутат мандатына ие болса, 20 басқарманың 3-еуінің тізгіні әйел-аналарда.
Ұлытаулық арулардың құрметіне осы кеште қазақ эстрадасының жарқын өкілдері «Ағайындылар» тобы мен Ғаділбек Жанай өнер көрсетті. Құшақтары гүлге, жанарлары нұрға толы жандар бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербетуде!
Мұқағали Сейтқазы, Мейіржан Мейрамұлы, «Ұлытау» телеарнасы