Асқар Ермекбайұлы 1942 жылдың қаңтар айында Ұлытау ауданына қарасты Алғабас ауылында дүниеге келген. Бала жасынан қатарының алды бола білген ол 1963 жылы Алматыдағы политехникумды үздік аяқтап, Жезқазған қаласына жолдамамен жұмысқа келеді. Еңбек жолын қатардағы есепшіліктен бастап, елдің адамына айналады. Қаралы жиынға қатысушылар ұлытаудың ұлының ұлт пен ұрпаққа үлгі болар қайраткерлік қасиетіне кеңінен тоқталды.
Асқар Ермекбайұлының есімімен «Қазақ тілі» қоғамы қашан да қатар айтылады. Тілдің тағдыры үшін – таудай істер атқара білген жанның артында жақсы істері қалды. Атақты Әбілқасен Әміралин мұрасын зерттеуге қосқан үлесі де орасан. Бұл қасиетті Жезқазған-Ұлытау даласы үшін орны толмас ауыр қаза...
Мұқағали Сейтқазы, Сергей Майкович, «Ұлытау» телеарнасы