Аудан орталығында өткен ауызашар дастарханына Ұлытау ауданының әкімі Аманжол Мырзабеков, аудандық мәслихат төрағасы Ахат Құрмансейітов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әлімбек Жандарбеков мен еңбек ардагерлері мен Ораза ұстаған жамағат қатысты.
Наурызды тойлаудың жаңаша үлгісіндегі он күндіктің Ұлттық киім күнінде өткен ауызашарға жиналғандар ұлттық киімде киініп келген. Имам Жанболат Рахымбердиев жиналған қауымға оразаның пайдасы мен ұстау қағидалары туралы уағыз айтты. Елдің үлкендері тілек лебіздерін жеткізді.
Айта кетейік, Биыл Рамазан айы ҚМДБ бекіткен арнайы кестеге сәйкес, 11 наурыздан 9 сәуірге дейін жалғасады...
Мұқағали Сейтқазы, Думан Оразов, «Ұлытау» телеарнасы