Әлеуметтік аз қамтылған, ата-ана қамқорлығынсыз қалған және ерекше жандарға мен апатты жағдайдағы тұрғын үйде тұрған тұрғындарға пәтер кілттерін облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлы салтанатты жағдайда табыс етті.
Айта кетейік, жаңа қоныстар - облыс орталығындағы Абай көшесі 85 ші мекенжай мен Шевченко көшесі 9 үйден берілді. Отбасы мүшелерінің санына байланысты бөлінген 1-2 және 3 бөлмелі пәтерлерге «Интермаркетинг М» ЖШС күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізген. Көп жылдан бері кезекте тұрған жандар ақ жарма алғыстарын жеткізді.
Салтанатты шара соңы ән шашуға ұласты. Жезқазғанның 70 жылдығы аясындағы жемісті жобалар легі әрі қарай да жалғасын таппақ.
Мұқағали Сейтқазы, Мейіржан Мейрамұлы, «Ұлытау» телеарнасы