«Адам болам десең, Абайды оқы, ерінбе» деген тақырыпты алған байқау екі кезеңді қамтыған. Бірінші кезеңдегі – мектепішілік додада топ жарғандар, Халықтар Достығы мен Мәдениеті үйінің сахнасында өткен ақтық сында өнер көрсетті. Қалалық кезеңге 60 қа жуық бала қатысты. Негізгі мақсат – қазақ халқының әдеби мұрасын насихаттау, өскелең ұрпаққа қазақтың бас ақыны, дана Абайдың шығармаларымен кеңінен таныстыру.
Үміткерлер данышпанның өлеңдерін нақышына келтіре мәнерлеп оқып, әндерін әуелет шырқады. Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романынан үзінділер орындады.
Байқау қортындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер алғыс хаттарымен марапатталды. Ардагерлер кеңесі мұндай бағыттағы жарыстарды тұрақты түрде өткізіп тұрмақ ниетте...
Мұқағали Сейтқазы, Айдос ӨМірбекұлы, «Ұлытау» телеарнасы