Облыстық қоғамдық даму басқармасының бастамасымен өткен жиынға мәслихат депутаттары мен қоғамдық кеңес мүшелері, партия жетекшілері, ардагерлер кеңесі және белсенділер қатысты. Жолдау жүктеген міндеттер мен құрылтайда айтылған мәселелер бұл жиынның өзекті тақырыбы болды.
Мұрат Қазанбаев, Жезқазған қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы
-(Жаңа Қазақстан құрамыз деп ту көтергелі 2 жылдай болды ғой. Жолдаудағы Президент бағдарламалары құптарлық бағдарламалар. Халық 100 пайыз қабылдадыд десем артық айтқандығым емес.)
Бүгінгі қоғамда еңбек адамдарын насихаттаудың түрлі жобалары қолға алынуда. Бұл орайда дастарға артылар сенімнің салмағы ауыр. Жиынға қатысқан жас буын өкілдері де өз ойларын ортаға салды.
Сәкен Қайрат, Жезқазған қалалық «Қоғамдық кеңестің» мүшесі
-(Мен – жастардың атынан үн қостым. Президентіміздің жастарға деген қамқорлығы ерекше. Президентіміздің айтуынша жастарды жұмыспен қамту және жас кәсіпкерлікті дамыту басты назарда. Бұл, әрине қуантарлық іс!)
Дөңгелек үстел барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және онымен күрес шаралары назардан тыс қалмады. Бұл жөнінде Сыбайлас жемқорлыққа іс-қимыл агенттігі Ұлытау облысы бойынша департаментінің өкілдері баян етті.
Мұқағали Сейтқазы, Мейіржан Мейрамұлы, «Ұлытау» телеарнасы
Пікірлер орны
Күнтізбе
« Декабрь 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Пн | Вт | Ср | Чт | Пт | Сб | Вс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 | 31 |