ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ

Аурухана қолданысқа берілді

Бөлісу:

1963 жылы салынған ғимарат  90-жылдары жекенің қолына өтіп кеткен. 2021 жылы типтік ғимарат қайта сатып алынып, денсаулық сатау басқармасының балансына берілді. Жөндеу жұмыстарына 400 млн теңгеге жуық қаржы бөлінген. 

Берік ӘБДІҒАЛИҰЛЫ Ұлытау облысынң әкімі 

-    Алдағы 2-3 жылда толқытай осы қажетті медициналық қондырғыларды аламыз. Анализ тапсыруға Жезқазғанға,Қарағандыға бармайсыздар. Компьютерлік томография,онгеорграв сияқты күрделі құрылғыларды алатын боламыз. Болашақта осы жерде медициналық кадрларды дайындау, оқыту, бұл міндетті түрде күн тәртібіндегі үлкен мәселе. Шын жүректен сіздерді құттықтаймын.


Қосқабатты емхананың аумағы 1500 шаршы метр. 400 млн теңгеге ауруханаға қажетті заманауи құрал-жабдықтардың барлығы алынған. 


Еркебұлан БЕЙСЕМБАЕВ Ұлытау облыстық денсаулық сақтау басрамасы басшысының бірінші орынбасары 

-    Ауруханаға 18 түрлі соңғы заманауи медициналық құрылғылар келді. Атап айтқанда экспетрный класстағы узи аппараты, эхоэнцефалография,компьютерлік томография және ана мен баланы қорғау жөніндегі барлық керекті құрылғылар алынды.  


Ауруханада 395 қызметкер еңбек етеді. Оның ішінде 45-і дәрігер және 183-і медбике. Мамандар жеткілікті. Ауданға қарасты ауылдағы ағайын да ем қабылдай алады. 


Оразкүл АҚЫБАЕВА  Жаңаарқа аудандық көпбейінді орталық ауруханасының директорының м.а. 

-    Медицина қызметкерлеріне қолайлы жағдай жасап беріліп отыр. Бізге осындай көмек көрсетіп облыстық денсаулық сақтау басқармасын, облыс әкімшілігіне, аудан әкімшілігіне алғысымыз көп.  


Аудан тұрғыны Мадияр Ерубаев 1-топтағы мүмкіндігі шектеулі азамат. Бүгін аурухана жаңа кейіпке енгенін көріп қуандым дейді.  


Мадияр ЕРУБАЕВ Жаңаарқа ауданының тұрғыны 

-    Осы ауруханада жаңадан құрылған оборудованиелер бар екен. Өте қуаныштымыз. Өзім осы жерден ем қабылдаймын. Рақмет, облыс басмшылығы мен , аудан әкімішілігіне.  


Жалпы, жыл басынан бері денсаулық сақтау саласында бірқатар игі істер атқарылуда. Мәселен, ақпан айында Бидайық және Байдалы би ауылдарында жаңа фельдершерлік акушерлік пунктер ашылды.Одан бөлек тағы 2 фельдершерлік акушерлік пункт қолданысқа беріледі деп күтілуде. 


ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ,АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ


Күнтізбе

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты