Бөгенбай батыр шағын ауданына – сапаржай аумағында орналасқан көшелер кіреді. Мұндағы тұрғындар шағымының дені коммуналдық салада. Атап айтар болсақ: суару желілерінің тозғандығы, қоқыс жәшіктерінің жетіспеушілігі және қоқыстардың уақтылы тазаланбауы...
Сонымен қатар қаңғыбас иттер мәселесі де тілге тиек етілді. Қаланың сыртқы көшелері болғандықтан қаңғыған иттердің бәрі осы ауданды паналайды екен. Салаға жауапты мамандар тұрғындардың талап тілегі бойынша түрлі шараларды қолға аламыз деді.
Тұрғындар тарапынан - қоғамдық көліктердің де көшеге тым алысқа тоқтайтындығы айтылды. Көтерілген мәселелер депутаттардың назарында болмақ. Айта кетейік, биылғы жылы мұнда жылы аялдамалар орнату жоспарға енгізілген.
Мұқағали Сейтқазы, Мейіржан Мейрамұлы, «Ұлытау» телеарнасы