ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ

Мәжіліс депутаттары - Кеңгір су қоймасына барды

Бөлісу:

Өңірге шұғыл жұмыс сапарымен ҚР Парламенті мәжілісінің депутаттары Аманжол Әлтай мен Ерболат Сатыбалдин келді. Сапар барысында халық қалаулылары - облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлымен бірге Кеңгір су қоймасында болып, су деңгейін тұрақтандыру үшін бақылаудағы су ағызу процестерімен танысты. Кеңгір кейінгі 3 күнде шамамен 140 млн текше метр суға толыққан. Су тасқыны қаупі бар 1,2,3 ауыл тұрғындары қауіпсіз орындарға эвакуацияланған.

 

Кеңгір су қоймасы – жобалық көлемі 319 млн. текше метрді құрайды. Өткен ғасырдың 50 ші жылдарында салынған жасанды су қоймасы – республикадағы ең үлкен су қоймаларының қатарында. Айта кетейік, су тасқыны қаупі басылсымен, жергілікті билік мұндағы көпірді жөндеу жұмыстарына кірісетін болады. 


Мұқағали Сейтқазы, Айдос Өмірбекұлы, «Ұлытау» телеарнасы


Күнтізбе

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты