Аталған кеңесте Жезқазған, Сәтбаев және Қаражал қалаларын абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстары бойынша қолға алынған шаралар таныстырылып, Облыс аумағындағы автомобиль жолдарының ағымдағы және орташа жөндеу жұмыстары баян етілді. Берік Әбдіғалиұлы көктемнің ерте келгендігін алға тартып, тазалық жұмыстарын белгіленген кестеден бұрын бастай беруді тапсырды. Сонымен қатар, облыс орталығындағы кейбір көшелердегі жарық бағаларын жаңартуды да қолға алуды міндеттеді...
Облысымыздың жасыл желектерді отырғызу жөніндегі жоспарын орындау үшін Ұлытау облысының аумағында биыл 20 мың ағаш отырғызылатын болады. Ал, жолдарды жөндеу мәселесі – Жезқазғанда кешеуілдеп басталмақ...
Айта кетейік, алдағы сенбіде, яғни 6 сәуірде алғашқы жалпыоблыстық сенбілік басталмақ. Аталған сенбілік 13 ші сәуірде де жалғасын табатын болады. Ал, мамыр айында Кеңгір жағалауында экологиялық сенбілік ұйымдастырылмақ.
Мұқағали Сейьқазы, Думан Оразов, «Ұлытау» телеарнасы
[media=https://youtu.be/nWcgYL4Kegc]