ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ

Алаяқтардан абай болыңыздар

Бөлісу:

Салаға жауапты мамандардың айтуынша: жиі кездесіп жүрген интернет алаяқтықтың түрлері: интернет арқылы сауда жасау және қызмет көрсету, сондай-ақ өздерін банк қызметкері ретінде таныстырып, жеке деректерді иемдену, сонымен қатар бөтен біреудің атынан онлайн-несие рәсімдеу арқылы жасалатын қылмыстар.

 

Сағынбек Бадимулла Жезқазған қалалық прокуратурасының прокуроры

-( Ақпараттық жүйені пайдаланып, алдау, арбау арқылы ақшалы болудың ең көп таралған жері – сауда-саттық маңы. Әсіресе сұранысқа ие Instagram, Facebook, WhatsApp, Olx, Krisha, Kolesa әлеуметтік желісі арқылы мұндай қылмыстар жиі жасалып жатады. Жезқазған қаласының прокуратурасы өз жеке ақпарат деректерінізге сақ болуды, тек заңды сайттардан сауда-саттық жасауды, күдікті сайттарда өз картасының деректерін енгізбеуді, белгісіз тұлғаға ақша жібермеуді, әсіресе ақша аударымының көмегімен, тіпті егер азамат өзін банк қызметкері ретінде таныстырса да, банк кодын хабарламауды ескертеді.)

 

Алаяқтардың арбауына түсіп қалмағайсыздар! Бастысы, өзіңіздің жеке деректеріңізге аса сақ болыңыз. Алаяқтықтың алдын алу бағытындағы профилактикалық шаралар мен ақпараттық түсіндірме жұмыстары жыл бойына жалғасын таппақ.

 

Мұқағали Сейтқазы, Бекжан Маратұлы, «Ұлытау» телеарнасы


[media=https://youtu.be/f7LuHG0Le5c]

Күнтізбе

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты