Жиынды тұрақты комиссияның төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Зина Ақылбекова ашып жүргізіп отырды. Күн тәртібіне «Кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін және құқықтарын қорғау бойынша заңнаманы жетілдіру», «Ұлытау өңірінде кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар», «Білім беру ұйымдарында қауіпсіздік жүйесін қамтамасыз ету» және жасөспірімдер тарапынан жасалған қылмыстар сынды мәселелер шығарылды...
Ұлытау облысында 18 жасқа толмаған 77 474 бала бар. 227 ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала – 174 отбасында тәлім алуда. Жиын барысында патронаттық тәрбие бағытындағы шаралар да тілге тиек етілді...
Дөңгелек үстел басында кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауының алдын алу бағытында бірнеше ұсыныстар айтылды. Халық қалаулылары мен білім саласының мамандары және полиция департаментінің өкілдері бұл бағытта бірлесе жұмыс атқармақ.
Мұқағали Сейтқазы, Думан Оразов, «Ұлытау» телеарнасы