ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ

Тасқын қаупі сейілді ме?..

Бөлісу:

Ресми ақпаратқа сүйенсек Ұлытау облысы аумағында 68 су қоймасы мен плотиналар, 111 көл және 1000 нан аса ірілі ұсақты өзен бар. Әрине, олардың ең ірісі облыс орталығындағы – «Кеңгір су қоймасы.» Жезқазғандықтарды көктем жақындай бере, Кеңгір кемеріне келеді ме екен деген сұрақ алаңдататыны жасырын емес... Биыл Кеңгір арнасын асып, кейінгі 7 жылда жиналмаған су қоры жиналған. Қарғын судың қаупі сейілгенімен, жағдай әлі де бақылауда деді облыс әкімінің салаға жауапты орынбасары...

 

Күннің күрт жылыну салдарынан Жезді өзені ерекше тасып, елді әбігерге салған-ды. Ал, Сарысуда төтеншеліктер мен ауыл тұрғындар үш күн –үш түн бойы тынымсыз тірлік етіп, тасқынға тосқын бола алды...

 

Облыста көктемгі су тасқыны жағдайына қатаң қадағалау осы аптаның соңына дейін жалғаспақ. Айта кетейік, су тасқыны қаупі басылсымен, жергілікті билік Кеңгір су қоймасындағы көпірді қалыпқа келтіру жұмыстарына кірісетін болады...

 

Мұқағали Сейтқазы, Бекжан Маратұлы, «Ұлытау» телеарнасы


 

Күнтізбе

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты