Комиссия отырысында күн тәртібінде 3 мәселе қаралды. Оның біріншісі – Жезқазған қаласының әкімі, кәсіподақтар бірлестігі және қала жұмыскерлері арасындағы 2021-2023 жылдарға арналған Келісімде қабылданған міндеттемелердің орындалу барысы туралы. Қазір облыс орталығында шағын, орта және ірі санатқа жататын 1700 ге жуық кәсіпорын жұмыс істейді. Жиынға қатысқан Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары аталған кәсіпорындардың әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу шеңберіндегі жұмыстарды тілге тиек етті.
Сондай-ақ 948 адам жұмыссыз қалуына байланысты әлеуметтік жәрдемақы алуда. Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Ұлантай Үсенов халықты тұрақты және нәтежиелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің маңыздылығына тоқталды.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша – дәл осы бағытта Кеншілер шаһарында атқарылған шаралар баян етілді. Бұл жөнінде Сәтбаев қаласы әкімінің міндетін атқарушы Алмат Саухимов айтып берді. Соңғы сұрақта - «Ұлы Дала» ЖШС ағымдағы жағдайы талқыланды.
Мұқағали Сейтқазы, Бекжан Маратұлы, «Ұлытау» телеарнасы